Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ төмендегіні мәлімдейді:
Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.
Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.
Енді шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше […]
2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласының соттарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға қаланың барлық соттары, судьялар мен сот мамандары белсене қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қала […]
Биыл маусым айында Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тұрғындармен кездескен еді. Еңбекші […]
Пікір қалдыру