Мырзашөлде жеміс-жидек пен бақша дақылдарының егіс алқабы кеңеймек

Кезінде «Ақ алтынның Отаны» деген атпен ТМД бойынша атағы шыққан Мақтаралда мақта өсірілмейтін болды. Яғни, ауданда техникалық дақылдың көлемі 3 мың гектарға азайып, оның орнына картоп, көкөніс және бақша дақылдары мен жеміс-жидек және жүзім дақылдары егілді. Демек, аудан дихандары жылдан-жылға ауыспалы егіс тәсілімен дәнді дақылды өсіруді мықтап қолға алып отыр.

сурет otyrar.kz сайтынан алынды

Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, ағымдағы жылы болжамдық егіс құрылымына сәйкес, дәнді және бұршақты дақылдар 13884 га, техникалық дақылдар 80513,8 га (былтыр 83609,8 га-ға мақта егілген), картоп, көкөніс және бақша дақылдары 34020,9 га, мал азықтық дақылдары 9535,9 га егіледі деп күтіліп, бүгінде аудан шаруалары 890,2 га жерге түрлі көкөніс дақылдарын, 4562,2 га жерге бақша, 890,3 га жерге жаңа жоңышқа, 41 га жерге бау және жүзім екпелерін отырғызып үлгергенін хабарлады. Мұнан бөлек, аудан көлемінде 947 га жерге жеміс-жидек және жүзім дақылдары өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, ауданда қарқынды бау өсірумен айналысатын «Аботя» шаруа қожалығында жұмыс қарқын алған. Бүгінде ондағы баудың көлемі 20 гектарға жеткен. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі бойынша жоғары сұрыптағы алма мен жүзім өсіріледі. Тынымсыз еңбектің арқасында шаруалар өткен жылы 180 тоннағы жуық өнімге қол жеткізген. Сонымен қатар, аудан көлемінде 425,6 гектар жерге жеміс-жидек дақылдары орналастырылған болса, оның ішінде 105, 46 гектары қарқынды бау. Биылғы жылы оған қосымша 70 гектар алқапқа қарқынды бау орналастыру жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, еселі еңбектің жануына ауданда ұзындығы 2,7 мың шақырым болатын 1316 су арнасы сайланып, 182 жаңа техника алынбақ. Сонымен бірге, аудан басшысы өткен 2016 жылы Мақтааралда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің көлемі 64 млрд. 489,7 млн. теңгені құрап 2015 жылмен салыстырғанда 4,8 млрд теңгеге артқанын айтты. Өндірілген өнім көлемін 2021 жылға дейін 90,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отырғанын жеткізген Ғ.Исмаилов егіс құрылымын әртараптандыру арқылы ауыспалы егісті енгізу нәтижесінде мол өнім алу көзделіп отырғанын алға тартты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*