Түлкібастан шырын шығып жатыр

Таулы аймақтағы Түлкібас ауданы өңірімізге қашанда жеміс-жидектерімен танымал. Қазірде жергілікті кәсіпкерлер ауданның сол бір ерекшелігін пайдаланып, жемістердің шырынын өндіретін өндіріс орнын ашып отыр. Іргетасын 2014 жылы қалаған зауыттың 2015 жылы концентрат құятын цех іске қосылған. Ал былтырдан бастап шырын шығарады. Қазір мұнда терапкет пен шыны ыдысқа құйылатын 7 түрлі сусынның түрі шығады.  Өндірілген өнімдер Тараз, Алматы, Қызылорда мен Қытай Халық Республикасына да тасмалданады.Жылына онда 2,5 мың тонна көкөніс пен жеміс өңдеуден өтетін зауыттың құны 600 миллион теңгені құрайды. Оның 390 миллионы несиеге алынған қаржы. Сонымен қатар, мемлекет заманауи құрылғыларды лизингке берген. Цехтың тәулігіне 20 тонна шырын шығаруға, ал сағатына 5 тонна алма өңдеуге қауқарлы. Өнімдерді батыс пен шығыс Қазақстан облыстарына, оңтүстіктегі облыстарға тасмалдайды. Алда өндіріс орны қияр мен қызанақты маринаттауды бастамақ.

Кәсіпорында жергілікті жердің тұрғындары қызмет жасайды. Қазірде мұнда 30 адам жұмыс істейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*