Арыстың ала сиырларын-ай…

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет» — сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды» — деп атап өтті.Осы орайда Елімізде шығарылатын өнімдерді арттыру мақсатында «Қазына жер LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасы КазАгроФинанс және өз қаржысы есебінен Канададан асыл тұқымды сүт бағытындағы 389 бас сиыр алып, бүгін таңда мал басы 1077 басқа жетіп, оның ішінде 450 бас сауын сиырдан күніне 9000 литрге жуық сүт алынуда.

Бір сиыр орташа есеппен күніне 25 литр сүт беруде. Сауылған сүттер арнайы көлікпен Шымкент қаласындағы «Алтын Дән» және «Фудмастер» ЖШС-лары тасымалдануда. Іссапар асыл тұқымды жылқы өсіру, ет және сүт өндіру мақсатындағы «Пернебек» жылқы шаруашылығында жалғасып, бұл күндері жеке кәсібін ашып, мал бордақылауды қолға алған, жылқы малын бағып келе жатқан шаруа қожалығының төрағасы шаруашылықты кеңейтуді қолға алып отыр.

Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы мал шаруашылығы мамандарына өз ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді. Сонымен қатар қаламыздағы Отырар, Оңтүстік, Наурыз мөлтек аудандарындағы жол салу, ауыз су құбырлары мен жарық бағандарын тарту жұмыстарының барысымен танысты. Мақсаты құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі дер кезінде қолданысқа берілуін қадағалау болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*