Арыста жер мәселесі төңірегінде келелі жиын өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр бастаған бір топ басқарма басшылары жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға, жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған және жер реформасын түсіндіру мақсатында Арыс қаласында семинар-кеңес өткізді.Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары С.Дәрібай, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, шаруа қожалықтарының төрағалары мен кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Садыр жүргізіп отырды.Семинарда сөз алған облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген, облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары А.Мырзаев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары С.Жаппарқұловтар жер мәселесіне қатысты баяндама жасап, түйіткілді мәселелерге тоқталып, қай бағытта жұмысты жандандыру керектігі туралы айтып өтті.
Арыс қаласы әкімінің орынбасары С.Дәрібай Арыс қаласындағы 2016-2017 жылы қала көлемінде жер қатынастары саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, жерді түгендеу жұмыстарының нәтижелеріне, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және егілген егіс пен ауыл шаруашылығы жерлері туралы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Садыр семинар-кеңес барысында Арыс қаласы әкімдігінің жер саласына жауапты мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жер мамандары, шаруашылық төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.
Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен басталған бұл шара бос жатқан жерлерді игеріп, айналымға қоса отырып, экономиканың қарқынды дамуына жасалған қадам ретінде игі бастама және қарапайым шаруаларға, дихандарға берілген мол мүмкіндік болмақ.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*