Ордабасы ауданында 862 гектар жер қорына қайтарылған

Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған, сондай-ақ жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, мақсатын атап өтті. Облыс деңгейінде жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер жөнінде айта келе, оның ішінде Ордабасы ауданындағы тарқатылуы тиіс түйіндерге тоқталды.2016-2017 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов та сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысын тілге тиек етті. Облыстық Жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Әлібеков, Жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов жер түгендеуге қатысты атқарылуы тиіс шараларға орай ұсыныстарын айтып, сұрақтарға жауап берді. Аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Зиябек жер қойнауын пайдаланатындардың жұмысына тұрақты мониторинг жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Себебі, жұмыс барысында олар көбіне құжаттағы бекітілген міндеттемелерден ауытқып кететінін атап өтті. «Нұр Отан» партиясы адандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Жәкей жер пайдаланушылардың мемлекет қажеттілігіне орай қайтарылуы тиіс жерге орай көбіне наразылық туғызатынын жеткізді. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысына белгіленетін жерді қайтаруды оңтайландыру керек деп, ойын түйіндеді.
Аудан әкімі А.Мамытбеков өткен жылы 23 жеке және заңды тұлғалардың 862,77 гектар жер телімі аудандық жер қорына қайтарылғанын, биыл конкурс арқылы анықталған 26 жеңімпазға 937,69 гектар үлестіріліп берілгенін атап өтті. Аудан басшысы семинарды ұйымдастырушылар мен аудан қонақтарына алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*