ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев өңірдегі «Нұрлы Жол» бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев өңірдегі «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Ал, аталмыш бағдарлама аясында өңірімізде 66 көпқабатты үй бой түземек. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша,  облыстамемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі — жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі — «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.

Сонымен қатар Қасымбек Маликов, «Мәселен, осы жылы әкімдік арқылы жалпы аумағы 31,6 мың шаршы метр болатын 558 пәтерлік көпқабатты 11  үй тапсырылады. Ал «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша 180 мыңнан астам шаршы метр  болатын баспана тапсырылмақ. Ол 3086 пәтерлік 55 үй. Осылайша, 2018 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша банк желісімен облыста 226,2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек»,-деген еді.

Сондай-ақ, бұ жолғы сапарында облыс әкімінің осы салаға жауапты орынбасары Сайрам ауданындағы 600 орындық Қ.Сатбаев атындағы №63 мектеп пен «Далабазар» атындағы мектепті және «Манкент» атындағы жалпы орта мектеп құрылысы мен 300 оқушыға арналған №100 орта мектебін аралап көрді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*