Ж.Түймебаев: Түркістанды үш бағытта дамытуға басымдық беріледі

Түркістан өңірін дамытуға бағытталған кез-келген жобаны барлық тараптан қолдауға дайын екенін айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, аймақты үш бағытта дамытуға басымдық берілгенін де жеткізді.

Форумда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев Түркістанның туризм саласындағы мүмкіндігін жоғары бағаласа, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе Түркістан облысында 200 гектар жылыжай мен цемент зауытын ашуға дайын екенін мәлімдеді. Ал, Малайзияның «Nagasteel Equipment Sdn. Bhd.» компаниясының президенті Зайнул Азизан инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға әзір екенін айтты. Сондай-ақ «RIXOS HOTELS» қонақ үйлер желісінің президенті Фетах Таминджи, Еуразиялық туризм ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және өзге де спикерлер баяндама жасап, келешекте Түркістанды туризм көшбасшысына айналдыру бағытындағы ойларын ортаға салды.

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтті. Сонымен бірге «Туризм индустриясы — Қазақстан экономикасының жаңа драйвері», «Солтүстік-Оңтүстік экономикалық дәлізі» тақырыптарында және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы адам капиталының рөлі жөнінде пікіралмасулар өтіп жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*