Түркістан облысы, Арыс қаласы орталығында орналасқан Әбдіразақов көшесінің №49 көпқабатты үй тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өз аулаларына, кіреберістеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Тұрғындар бірлесіп үйдің кіреберістерін, есіктерін әсемдеп, сырлап, қабырғаларды әктеп, ауланы жасыл желекке толтырып, күтіп-баптап отыруды дәстүрге айналдырған.
Бес қабатты, 90 пәтерлі үй иелері кіреберістерін жаңартып, оны ерекше әдемі етіп сырлаған. Есіктер мен қабырғалар түрлі түсті бояулармен әрленді, бұл үйдің кіреберісін сәнді және жайлы етеді. Жаңартылған әрлеу жұмыстары тұрғындар мен қонақтарға таза және жағымды орта сыйлайды.
Бұдан бөлек, тұрғындар ауласында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізген. Көктемде шыбық боп отырғызылған дарақтар бүгінде өсіп, аулаға ерекше көрік беріп тұр. Тұрғындар ағаштарды өздері күтіп-баптап, суарып, олардың жақсы өсуіне қамқорлық жасауды да қолға алған. Осы арқылы экологиялық жағдайды жақсартып, ауаның тазалығына өз үлестерін қосуды мақсат еткен.
Игі шараның басы-қасында жүрген аталған тұрғын үй төрайымы Наталья Соловьева жастарды тазалыққа баулудың маңызды екенін атап өтті.
«Туған қаламызды және өз үйімізді таза ұстау – әрбіріміздің міндетіміз. Жастарды осындай игі істерге тартып, оларға тазалықтың маңызын түсіндіру арқылы біз болашақ ұрпаққа таза және жайлы орта қалдырамыз», дейді ол.
Жалпы, Әбдіразақов №49 үй тұрғындары үшін абаттандыру жұмыстары жыл сайынғы дәстүрге айналған. Әр жыл сайын олар өз үйлерін көріктендіру және қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлесе еңбек етеді. Өткен жылы қалада дәстүрлі түрде өткізілетін «Үлгілі үй» байқауында «Үлгілі аула» номинациясын жеңіп алған тұрғындар биыл да қатысуға ниетті.
Мұндай тазалық шарасы ауланы ғана емес, тұрғындардың бірлігін де нығайтатыны анық. Таза аула тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеріп, балалардың қауіпсіз ойнайтын орнын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тазалық шарасы қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Төлеби ауданында жұмыс істеп тұрған тігін цехы – жергілікті кәсіпкерлік әлеуеттің айқын көрінісі. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аталған өндіріс орнына арнайы барып, оның жұмыс барысымен және еңбек ұжымымен танысты. Цехта тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, сапалы […]
Маусымның 24 күні орын алған күшті жарылстардан кейін Арыс қаласына кірер жолдарды полицейлер мен әскерилер жапқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолдарға бірнеше бекеттер орнатып, арыстықтарды шаһарға кіргізбей тұр. Ал, Арыстан шығып жатқан көліктердің жүк салғышын […]
Түркістан облысы Кентау қаласында ковид жұқтырған 7 әйел аман-есен босанды. Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковид инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанып шыққан. Қазір ана мен балалардың жағдайлары жақсы. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлбану […]
Пікір қалдыру