Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі.
Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Түркістан облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан егін шығындарына ұшырауда. Қоңыр мәмәр қандала және т.б. жаңа қауіп тудырады
Осыған орай, ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мамандары Түркістан облысының фермерлерін өсімдік ауруымен күресудің заманауи әдістерін қолдануды үйретеді. Бұл қауіпті препараттарды қолдануды 60%-ға дейін азайтуға, оларды қауіптілігі төмен заттарға ауыстыруға, ал кейбір кезеңде тыңайтқыштардан толық бас тартуға мүмкіндік береді.
1-2 шілдеде Сарыағаш кентінде (Түркістан облысы) ФАО, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және ГЭФ-тің «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою» жобасы аясында ұйымдастырылған тренинг өтуде. Оған Түркістан облысының фермерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық және облыстық өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ қатысып жатыр.
Мысалы, кәдімгі тәжірибе бір маусымда 20-дан астам пестицид қолдануды қажет етсе, ал IPM-де — тек 6, яғни экономикалық тиімділігі 80% -дан астам болды.
Тренингтің тағы бір маңызды бөлігі пестицидтердің бос контейнерлерін пайдалану мәселесіне арналған. Өкінішке орай, Қазақстанның көптеген өңірлерінде мұндай қалдықтарды жинау және өңдеу жүйесі әлі де жоқ. Нәтижесінде пестицидтерге арналған контейнерлер полигондарға түсіп, өртеніп кетеді. Пестицидтердің қалдықтары төгіліп, топырақ пен су қоймаларына сіңіп, қоршаған ортаны ластайды. Шаруалар контейнерлерді күнделікті өмірде, әсіресе азық-түлік мақсатында пайдаланса, одан да қауіпті.
Әсел Шаханова, ФАО-ның пестицидтерге арналған контейнерлерді басқару жүйесі бойынша ұлттық кеңесшісі: «Тәжірибе көрсеткендей, адамдар бос канистрлерді дұрыс жууды білмейді. Көбінесе олар мүлдем жуылмайды және пестицидтердің қалдықтарымен бірге кәдеге жаратуға жіберіледі. Ең сорақысы, олар суды немесе тағамды сақтау үшін контейнерлерді пайдаланады. Пестицидтердің қалдықтарымен жанасу адамдарда улану және басқа да ауыр ауруларды тудыруы мүмкін».
Сарапшы контейнерлерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін үш рет шаю технологиясын қалай қолдану керектігімен бөлісті.
Тағы бір маңызды қадам — пестицидтерге арналған контейнерлерді жинау жүйесін әзірлеу және енгізу. ФАО сарапшылары фермерлер мен басқа пайдаланушылар үшін пайдаланылған контейнерлерді қауіпсіз қайтара алатын қабылдау пункттерін ұйымдастыру керек.
Дария Акибекова, Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктерді қорғау бөлімінің сарапшысы: «Бүгінгі таңда МИК «Пестицидтердің QR кодтарын және оларға арналған контейнерлерді одан әрі Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ережесінің жобасын әзірледі, сондай-ақ ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген. Елімізге әкелінетін канистрлерді QR код арқылы кодтап, бақылау жүйесін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге пестицидтің түпнұсқалығына кепілдік береді және пестицидтердің импорттан контейнерлерді жоюға дейінгі өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді».
Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар […]
Түркістан облысы, Сауран қалашығында «Оңтүстік аңыздары» тақырыбындағы «Nomad Explorer» республикалық туристік экспедициясын қорытынды күні әрі жабылу салтанаты өтті. Жалпы экспедиция мүшелері 22-26 сәуір аралығында Ақмешіт үңгірі, Домалақ ана кесенесі, Аппақ ишан мешіті, Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, […]
Түркістан облысында жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан […]
Пікір қалдыру