Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Жиында ақсақалдар өздерінің ұсыныс пікірлері мен мәселелерін ортаға салды.
Жұмыс сапарында өңір басшысының орынбасары «Дервиш Әлі» мешітінің имамымен кездесіп, ел бірлігі рухани мәселе туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар Ертай Кенжебекұлы аудандық мәдениет үйі мен кітапханада болып, ұжыммен кездесті. 2022 жылы пайдалануға берілген 120 орындық мәдениет үйінің жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары өнер ошағының жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ кітапхана қорын молайту бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін ескертті.
Бұдан кейін аудандағы жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Құрылыс жұмыстарымен танысқан соң құрылыс жүргізуші мекеме өкілдеріне ең бастысы құрылыс сапалы соғылып, уақытында пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс материалдарының құны арзан емес, сапалы болуын ескертті. Аталған спорт кешені «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Биыл құрылысы басталған спорт кешенінің жұмыс барысы жоспарға сай жүргізілсе, келесі жылы ауыл тұрғындары жаңа нысанның игілігін көреді.
Ертай Алтаев іссапар соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында болды. Орталықта жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған үйірмелер жұмысымен танысып, жауапты басшылар мен мамандарға жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғамдағы белсенділігін арттыруды тапсырды.
Айта кетейік,
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 млн теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.
Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 млн теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.
Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млрд.теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 млн.теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында Таукент кентіндегі «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнын аралады. Төртқұдық жаңа зауытының құрылысы мен өндіріс нысандарында болып, жұмысымен танысты. «Катко» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны 1996 жылы Созақ ауданының […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі жаңа ықшамауданда 360 үйдің құрылысы толық аяқталды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Мақтаарал ауданындағы құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Су тасқынынан зардап […]
Республика бойынша тұрғын үй кезегінде 650 мыңға жуық азамат тіркелсе, оның 65 мыңнан астамы Түркістан облысының азаматтары. Бұл елдегі ең үлкен көрсеткіш. Баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағылар. Биыл тұрғындарды баспанамен […]
Пікір қалдыру