Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, мемлекеттік орган басшылары және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова қатысты. Күн тәртібінде алғашқы болып «Ертегілер әлемі балабақшасы» ЖШС-нің мәселесі бойынша Түркістан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеті талқыланды.
Балабақша әкімшілігі мектепке дейінгі балалар мекемесінің ғимаратында медициналық қызметпен айналысуға лицензия алу барысында кедергілер туындағанын жеткізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев бұл әрекетті қолдан жасалып отырған кедергі деп баға берді.
Сондай-ақ, өңіріміздегі кәсіпкерлер салық органы тарапынан шаруа қожалықтарының есеп шоттарын бұғаттау әрекеттеріне қатысты құқықтық көмек сұраған. Дара кәсіпкер мен шаруа қожалықтары кірістерінің болмауына қарамастан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің тиісті шоттарға аударылмау себебінен есеп шоттары бұғатталған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев көтерілген мәселені мұқият тыңдап, назарға алатындығын атап өтті. Заң шеберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, оң шешімін табуға ықпал жасалатындығы сөз болды.
Түркістан облысының Келес ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында аудан тұрғындары мен құқық қорғау органдары арасында ашық форматта көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, құқық […]
Түркістан облысының ауруханаларына германиялық өкпені жасанды желдету аппараты әкелінді. Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар […]
Сауран ауданында кәсіпкерлік деңгейі өсіп, жұмыспен қамтылғандар саны күн санап артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесуінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров баяндады. Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша 22 […]
Пікір қалдыру