Елімізде жалпы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің алар орны ерекше. Себебі, ауыл шаруашылық өнімінің басым бөлігі оңтүстік аймақтан шығады. Сондықтан да жәрмеңкені алғашқы боп Түркістан бастайды.
Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша мүмкіндіктері таныстырылды.
«Jana dala/Green day 2024» атты мамандандырылған көрме-демонстрациясы Ақкөл ауданында екі күн қатарынан өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, АҚШ, Франция, Германия елшілері және Қазақстан мен шетелдің 200-ден астам компаниясының өкілдері қатысты. Бірінші күні ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды.
Іс-шараның екінші күнінде арнайы киіз үйлер тігіліп, әр аймақтың агросала және туризм саласындағы әлеуеттері таныстырылды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының Бас директоры Серік Сандыбаев ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа киіз үйде орналасқан агротуризм саласындағы өнімдерді таныстырды.
Түркістан облысынан консерві өнімдері, тосаптар, жеміс пюрелері, «Dala Fruit KZ» тарапынан жеміс шырындары қойылды. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды.
Ермек Боранбайұлы өз сөзінде Түркістан облысы туризм бағытын сөзбен емес, істеп дамытып жатқан өңір екенін айтып, Түркістанның туристік мүмкіндігін жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, агротуризм – негізгі туристік бағыттардың бірі екені көрсетілген.
Айта кетейік, аталған көрме 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Көрме қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдері арасында танымал және саладағы озық әзірлемелерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық, шетелдік ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаңға айналған. Сонымен қатар көрме қазақстандық өнімдерді әлемдік нарықтарға шығаруға, аграрлық нарыққа инвестицияларды тартуға ықпалын тигізеді.
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен […]
Түркістан облысында өңір экономикасын дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі саналатын өнеркәсіп саласына басымдық берліген. Осы мақсатта шет мемлекеттерден инвестиция тарту, тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы өнеркәсіптік […]
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Пікір қалдыру