Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды.
2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерге – 54 900 жолаушы, ішкі рейстерге – 142 400 жолаушы ұшқан. Ал жүк тасымалы биыл 487,6 тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 есеге артқан.
Түркістан қаласынан Анталия, Самарқанд, Мәскеу, Баку, Үрімші қалаларына әуе рейстерін ашу бойынша «Fly Arystan», «Centrum Air», «Fly Khiva» әуекомпанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Астана және Алматы бағыттарына рейстер санын көбейту жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы жаңа әуежай ғимараты әлемдегі ең жылдам салынған аэропорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бүгінде Түркістан әуежайының аумағына 140 мың ағаш егілді Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан халықаралық әуежайға барар тасжолдың бойы тұтастай жасыл желекке бөленеді. Мұнда 140 мың түп шаған, үйеңкі, қарағаш, бозарша, жиде ағаш көшеттері отырғызылды.Яғни әуежай аумағында тамшылатып суару жүйелері жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, алдағы 2-3 жылда бұл аймақ жайқалып, қалың орманға айналады. Енді бұл жерлерге далалық шөп тұқымдары себіліп, газон төселмек.
Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізді. Әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшып-қону жолағын және басқа да нысандарды салу жоспарланған. Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынған. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.
Тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Осы бағытта қызмет атқаратын жас мамандардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік сияқты құндылықтарды сіңіру – ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Осыған […]
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, аудан активімен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты. Кездесу барысында […]
Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді. Жоба құны 4,1 млрд теңгені құрайтын білім […]
Пікір қалдыру