Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру үшін бірінші кезекте жұмыспен қамту және баспанамен қамту қажет. Мемлекет басшылығының әрбір қазақстандықты баспанамен қамту туралы бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда Түркістан облысының аудандары мен қалаларында, облыс орталығы Түркістан қаласында қыруар жұмыстар атқарылып, құрылыс қарқынды жүргізілуде.
Сауран ауданының тумасы, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов өз демеушілігімен көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстады. Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байспаев және аудан әкімдігінің қызметкерлері арнайы барып, жомарттық жасаған облыстық мәслихат депутатына ізгі тілектерін білдірді. Отбасы мүшелеріне сый-құрметін көрсетті.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлер толығымен аяқталған. Баспана іші қазіргі заман талабына сай жабдықталып, жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Ас үй мен қонақ бөлмесі де ерекше безендірілген. Сонымен қатар үй қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген.
–Жалпы, жұртқа қайырымдылық жасау – мұсылмандық әрі азаматтық борыш. Мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Ауданда жүрегі мейірім мен шапағатқа толы азаматтарымыз көп. Бүгінгі жаңа баспананы тұрғызып, екі бірдей отбасыға үлкен қуаныш сыйлағаныңыз үшін Баймахан Тоймаханұлы сізге алғысым шексіз, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аудан көлемінде тұрғын үйге тәуелділікті азайтып, кезекте тұрғын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қосымша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын басталатын болады.
«Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Бұл – ел тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына көрсетілген құрметтің айрықша көрінісі болды. Іс-шара барысында […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің даму тұжырымдамаларын тыңдауды бастады. 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер туралы бүгін Отырар […]
Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60 пайызы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде […]
Пікір қалдыру