Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылардың басын қосып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Бизнесті мемлекеттің қолдауы аясында бюджеттен қаржысы қаралып, 18 нысан бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Сауран ауданы, Шаға ауылындағы өндірістік парктің электрмен жабдықтау және газ тарту нысандарының құрылысы аяқталды. Түркістан қаласында 310 га индустриалды аймақ аумағын кеңейту және инфрақұрылым тарту жұмыстары да аяқталуға жақын. Онда газ, су, кәріз құбырлары тартылып, 25000 метр жарық желілері жүзгізіледі. Өндірістік паркке 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Маңызды жоба толық іске қосылған соң, екі мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Бүгінде Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында өндірістік ғимараттар салынуда, 14 ғимарат іске қосылды. Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады.
Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Айта кетейік, Түркістан облысының экономикасына жалпы сипаттама:2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 927563,6 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 34,7%, қызметтер көрсету – 58,7% құрады.
Тұтыну баға индексі 2024 жылдың шілдесінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% төмендеді, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің – 4,9% өсті.
2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың шілдесінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,4% қымбаттады.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 168097,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% артық.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 80380,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,8% құрады.
Тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Осы бағытта қызмет атқаратын жас мамандардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік сияқты құндылықтарды сіңіру – ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Осыған […]
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді. Шаhар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге әкімдік ғимаратында Арыс қаласы аумағындағы өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган және […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты ауқымды акция жалғасуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – жергілікті тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен азаматтар арасында тығыз әрі тиімді […]
Пікір қалдыру