Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.
Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша тоқталып, инвесторлармен байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. Тараптар өңіраралық байланыстырды дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы бірқатар жобаларды талқылады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін өңдеу, мәдениет пен туризмді дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстармен бөлісті.
– Өңіраралық байланыстырды дамыту біз үшін өте маңызды. Әр инвестормен жеке-жеке жұмыс істейміз. Мен өзім барлық инвесторлармен тікелей байланыстамын. Сіздермен де тұрақты түрде байланыс орнатып, жемісті жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін, — деді облыс әкімі.
Облыс әкімі инвесторларды Түркістан облысында көкөністерді өндіру мен өңдеуді кеңейту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Дархан Сатыбалды жергілікті билік жобаны қолдауға дайын екендігін айтып, нысанды анықтау бойынша бірлесіп шаралар жүргізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Шетел инвесторларының кептірілген жемістер өңдейтін жеке зауыттары бар. Компания кептірілген жемістерді, соның ішінде кондитерлік мейіз бен құрманы импорттаумен, сондай-ақ зығыр, бидай, ұн және күнбағыс майы сияқты ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаумен айналысады. Қазақстандағы және Ресейдегі ірі зауыттарды кондитерлік мейізбен қамтамасыз етеді және Ауғанстандағы компания арқылы тауарларды жақын және алыс шетелдерге экспорттайды.
Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесі өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, аудан тарапынан кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға […]
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы […]
Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы […]
Пікір қалдыру