Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесі өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, аудан тарапынан кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Көрме барысында шұжық, сабын, қауынқақ және қолөнер бұйымдары, наубайхана және заманауи терезе, есік дайындаумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмыстары таныстырылды.
Айта кетсек, ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа берілген. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың осы кезеңінде 3 лек қорытындысымен 78 азаматқа қайтарымсыз грант берілген болатын.
Түркістан облысында Үкіметтің инвестициялық жобалардың тізімін жасақтау жөніндегі тапсырмасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімінің қадағалауымен елге кіріп жатқан импорт тауарларына талдау жүргізіліп, импортты азайтып, экспортты ұлғайту жұмыстары жандана түсті. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі […]
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 3 340 тонна алғашқы өнім жиналды. Көкөніс Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Ал, 250 тонна өнім Ресейге экспортталды. Ордабасы ауданында жылыжайлар саны артуда. Өткен жылы ауданда 20 га жылыжай іске […]
Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы […]
Пікір қалдыру