Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекенінде орналасқан «Асыл бастау KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «AQUA THE BEST» ауыз су өндірісін кеңейту жұмыстарымен танысты. Бұл кәсіпкерлік нысан 2020 жылы құрылып, бүгінде «AQUA THE BEST» ауыз су дайын өнім түрін өндіреді.
Су шығару цехының жер көлемі – 2 гектар, жылына 1500 тонна су өндіре алады. Жалпы жұмысшылар саны 15 адам болса, орташа айлық жалақысы 130 000 теңгені құрайды.
Түркістан облысының әкімі кәсіпкердің қадамына оң баға беріп, тұрғындардың сұранысына сай жұмыс атқару керек екеніне тоқталды.
Серіктестік басшылығы кәсіпкерлік саласында кездескен қиындықтарын, тауарлы сүт фермасынын осыдан 4 жыл бұрын уақытша жабуға тура келгенін айтты. Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіретін зауыт жұмысын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс басшысы жауаптыларға мемлекеттік қолдау тетігін қарастыруды тапсырды.
Іссапар соңында Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, жұмыс орындарын көбейту жөнінде тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар, индикаторлар қатаң бақылауға алынады.
үркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, Қазақстан Республикасының индустриялық-аграрлық дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Түркістан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетке ие. Бұл Қазақстанның еңбек ресурстары көп өңірлерінің бірі.
Түркістан облысы елімізде өндіріс саласында алдыңғы қатарлы облыстардың бірі. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінде төмендегі өнім түрлерінің өндірісі тауашалы бағыттар болуы мүмкін: балғын және консервіленген балық және ет өнімі; жаңа піскен жемістер, кептірілген жемістер; күнбағыс тұқымдары; сүт сарысуы, табиғи сүт компоненттерінен жасалған өнімдер; электр қозғалтқыштар мен генераторлар, оларға арналған бөлшектер; мырыштан жасалған бұйымдар; қара металдан жасалған құйма бұйымдар. Сондай-ақ, ауылшаруашылық дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер, сабан немесе шөпті бумалауға арналған пресс; шөпшапқыш, аспалы және ойма құлыптар, шиналар және тыстар өндірісін игеру үшін әлеуетке ие.
Шымкент қаласында қолынан іс келетін, шаруаны дөңгелетіп әкетуге қабілетті жандар үшін жақсы мүмкіндік туып тұр. Нақты айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды. Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді […]
Шымкент қаласында 4-мамырдан бастап жеке кабиналары бар моншалар мен стамоталогиялық, медициналық клиникалар жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт […]
Пікір қалдыру