Шымкент: «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде байқау өтеді

Шымкент қаласында қолынан іс келетін, шаруаны дөңгелетіп әкетуге қабілетті жандар үшін жақсы мүмкіндік туып тұр. Нақты айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды.

Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер қатыса алады. Мемлекеттік гранттарды жеңіп алу арқылы жеңімпаздарға  өз кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік беріледі.

Байқау ашық болады және  конкурс түрінде өтеді. Қатысамын деп ниет білдіргендер болса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына немесе фронт-офиске өз өтінімдері мен құжаттарын өткізулері тиіс. Тірлігін түрлендіріп жаңа кәсіп бастағандар мен жас кәсіпкерлердің арасында өткізілгелі жатқан бұл байқауға құжат қабылдау осы жылдың 15 маусымынан бастап 29 маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы төменде көрсетілгендей:
Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
Пошталық мекенжайы: 160000.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-27. Сонымен, конкурсқа қатысуға ниетті кәсіпкерлерге іске сәт болсын!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*