Шымкентте санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тобы үздіксіз жұмыс істеп жатыр

Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Мәселен, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында құрылған мониторинг тобы Д. Ерімбетов, Ж. Шаяхметов көшелері мен 18 және 17 шағынаудандарда орналасқан дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап шықты. Мұнда кәсіп иелері мен мекеме қызметкерлерінк түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ аталған нысандарға келушілерге де, яғни қала тұрғындарына да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарымен қатар полиция және әкімшіліктен құрылған жұмысшы топ санитарлық қауіпсіздікті бақылап қарап, қадағалап шықты. Мониторингтік жұмыс тобы ат басын бұрған әрбір нысандағы кәсіп иелеріне талапқа сай жұмыс істеуді ескертті. Карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қаулыға сай жұмыс жүргізбесе шара көрілетінінде атап өтті.

Айта кету керек, санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тобы мұндай бақылау жұмыстарын күнделікті жүргізіп отыратын болады. Сондықтан да талап пен тәртіпке бағынғанның ұтары мол.

Шымкент ақпараттық — коммуникациялық орталығы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*