Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді.
Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған.
Сонымен қатар, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес жүргізілген. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.
Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан 218 науқас емделіп шықты. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырғандар саны 606 азаматқа жетсе, 218 науқас ауруханадан емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өкінішке […]
Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Вице-премьер алдымен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, ондағы жағдаймен егжей-тегжейлі танысты. №2 орталық психоневрологиялық ауытқулары бар, жасы 18-ден асқан […]
Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 […]
Пікір қалдыру