Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек шаһардағы он аумақ карантинге жабылған.
Ол 10 аумақ қазір оқшауланып, карантинге жабылған . Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй.
Айта кету қажет, бүгінде карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылып отыр. Оның ішінде жүз он бес полиция қызметкері болса, он төрт қарулы күштер және жүз тоқсан екі ұлттық ұлан сарбаздары үш ауысымда тәулік бойы қызмет атқарып жатыр екен. Жасыратыны жоқ, бұл сақтық шараларының барлығы да әлемге таралған аты жаман індеттің алдын алу мақсатында жасалып жатыр. Сол себепті, әр азамат сақтық ұстана жүргені абзал.
Еске сала кетсек, дәл қазіргі уақытқа дейін қалада жалпы коронавируспен он төрт адам тіркелді.
Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды. Үйлердің құрылысын еліміздегі ең ірі құрылыс мекемесінің бірі болып табылатын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме […]
Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен […]
Шымкент қаласында балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Бұл қуаныш балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс салтанатпен аталды. Яғни 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 […]
Пікір қалдыру