Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.
№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.
Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.
Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.
№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.
№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
Қазіргі таңда, елімізде жұмыс істеп тұрған 10 арнайы экономикалық аймақтардың ішінде Шымкенттегі аумағы 200 гектар жерді құрайтын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ең табысты жұмыс істеп тұр , деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Үкімет […]
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті. NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы […]
Бұл туралы Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай […]
Пікір қалдыру