Бұл туралы Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Нәтижесінде, 14 172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған.
Айта кету керек, бірінші тоқсанда бас тартылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш білдіретіндер ендігі кезекте Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Ал, бірінші тоқсанда көмек алған отбасыларға екінші тоқсанда (сәуір, мамыр, маусым) пролонгация, яғни ұзарту тәртібімен тағайындалады. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, онда орталық мамандары қайта есептеу жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде енгізілген төтенше жағдайға және Шымкент қаласының карантинге жабылуына байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы 26 наурыздан бастап өз қызметін қашықта көрсетуге көшкен.
2025 жылдың көктемінде Қазақстанның барлық ірі қалаларында бастау алған «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл — құқықтық мемлекеттің дамуына бағытталған ауқымды және […]
Шымкент қаласында алты жаңа мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. «Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерғали Бахаевтың қатысуымен «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында онлайн-брифинг өтті. Брифингте, ең алдымен, қауіпсіздік шаралары бойынша жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті және Ұлттық ұланның […]
Пікір қалдыру