Түркістан қаласында өткен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында журналистер «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикасына барып, жұмыс барысымен танысты. Жалпы 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жылына 22 мың дана жиһаз өндіреді. Бүгінде түркістандық жиһаздар Түркістан, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сондай-ақ, өнімдер Ресей мен Қырғызстан елдеріне экспортталып жатыр.
Баспасөз туры барысында журналистер «Белсенді ұзақ өмір» сүру орталығында болды. Орталықта денсаулықты жақсартуға арналған массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы мен жаттығу жасауға арналған бөлмелер бар. Онда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі.
Пресс-тур аясында тілшілер қауымы Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, зиярат жасады. Одан бөлек, БАҚ өкілдері кесене аумағындағы Этноауылдағы шеберлер көрмесіне барды. Тур соңында журналистер биыл 5 жылдығын атап өткелі жатқан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің тыныс-тіршілігімен танысты. Биыл университет алғашқы 500-ге жуық түлектерін ұшырмақ.
Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық деңгейдің 76,8 пайызын құрады.
Облыс аумағындағы кәсіпкерлердің шетелдік көрмеге қатысуға кететін шығыны жобамен 20-30 млн. теңге екенін ескерсек бұл тек ірі кәсіпорындарға ғана қол жетімді болып отыр. Кәсіпкерлер өз өнімін шетелдік көрмеге шығарғысы келгенімен, қомақты қаржы шығару кез келген кәсіпкер үшін қалтаға салмақ салады. Сондықтан да, кәсіпкерлер шетелдік көрмеге қатысу үшін берілетін қаржы алдын ала берілсе деген ұсыныс айтты.
Сондай-ақ, кездесуде «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесіне қатысу бойынша ақпарттандыру жүргізілді. Көрме ағымдағы жылдың 14-16 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Жиынға «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысқан
көрменің негізгі ұйымдастырушысы «Kaziron Trade» ЖШС-нің көрмеге жауапты маманы Мақпал Аубакирова толыққанды ақпарат беріп өтті.
Жиында жиһаз өндірісіндегі кәсіпорындарға арналған «Show room» жобасы бойынша ұсыныс айтылды. Бұл дегеніміз қаламыздағы барлық жиһаз өндіруші кәсіпорындардың сатылым дүкенін бір жерге тоғыстыру.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Шардара ауданында ұзындығы 131 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар 5 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 41 шақырымы күрделі, 90 шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Жыл […]
Түркістан облысында тұрақты профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында адамдардың қаза болуы бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 23 адам қаза тапқан, оның 11-і бала. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар […]
Пікір қалдыру