Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, қазіргі таңда өнімін жинап алған. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.
Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.
Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында аудан әкімі Бақыт Асанов Т.Сырайловты «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша марапаттады. Кейіпкеріміз 10 айдың қорытындысы бойынша 31,5 тонна ет өндірген.
Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аудан әкімдерімен өткізген селекторлық жиынында облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі — үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу. Бүгін […]
Жетісай ауданында Әкелер күніне орай ерекше форматтағы тағылымды кездесу ұйымдастырылып, оған аудандық полиция қызметкерлері, «Әкелер мектебі» мүшелері, ардагерлер және қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара аудандық «Асыл қазына – тең қоғам» қоғамдық мекемесінің бастамасымен өтті. Кездесудің басты […]
Түркістан облысы Кентау қаласының орталық ауруханасына құны 15 млн. теңге болатын жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді. «Катко» демеу корпаративтік қоры Оңтүстік Кореядан жалпы құны 92 млн. теңгеге заманауи соңғы үлгідегі 6 бірдей құрылғы алдырып, […]
Пікір қалдыру