Түркістан облысында электрондық түрдегі қызметтің үлесі 86 пайыздан асты. Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енген 723 қызметтің 389-ы облыста көрсетіледі. Оның 192-сі жергілікті атқарушы органдармен, 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы іске асырылған. Бұл туралы 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Департамент басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен былтыр 11 709 161 қызмет көрсетіліп, электронды түрдегі қызметтің үлесі 86,1 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға артқан.
«Жалпы былтыр Түркістан облысының мемлекеттік қызметкер көрсету саласында 73 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1704 бұзушылық анықталды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендегенін көрсетеді. Осы заң бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан 151 нұсқама енгізіліп, 49 қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Б.Исақов.
Сондай-ақ, өткен жылы облыста «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильдік қосымшасы арқылы 150 мәселенің шешімі табылды. Департамент мамандары бақылау бағытында 95 тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы 225 бұзушылықты анықтаған. Бұл ретте 66 ұсыныс беріліп, 58 тұлға тәртіптік жазаға тартылған және тексерудің қорытындысымен қызметтік Әдеп нормаларын сақтамаған 8 лауазымды тұлғаның мәселесі Әдеп кеңесінде қаралып, тиісінше тәртіп жазаларға тартылған.
Сонымен қатар, департамент мамандарының қатысуымен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағытында 610 жеке және заңды тұлғалардың арызы қаралған. Нәтижесінде құқығын қалпына келтіруді сұраған жеке және заңды тұлғалардың 35 өтініші зерделеніп, 20 жеке тұлғаның құқықтары қалпына келтірілген.
Айта кетейік, жалпы 2019 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізіліп, кеңес отырысында 123 мәселе қаралған, оның 88-і тәртіптік іс. Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес шешімдерімен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 58 ұсыныс жолданып, 57 кінәлі қызметшілерге тиісті тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік істер 2018 жылмен салыстырғанда 54% өсіп, Әдеп жөніндегі кеңесте қарауға ұсынылған материалдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7,8 % артқан.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында зорлық-зомбылықпен күресте ұлттық мекемеаралық жүйенің тетіктері талқыланды
Түркістан облысында өткен онлайн-кеңесте гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа ұлттық ведомствоаралық жүйесінің ден қою тетіктері мен зерттеу тәжірибесі талқыланды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық сектор, даму бойынша серіктестер және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, […]
Түркістан: Өргебастықтар өз үйінің құрылысын бастады
Мақтарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары судан зақымданған үйлерін сүріп, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. Айта кетерлігі ауылда жалпы 190 үй бар, бүгінде 168 үй иесіне […]
ТӨЛЕБИЛІК ШЕБЕР ЕР ТҰРМАННЫҢ 20-ДАН АСТАМ ТҮРІН ТҮГЕНДЕП КІТАП ЖАЗҒАН
Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов ер тұрман жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап […]
Пікір қалдыру