Түркістан облысында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында отандық 450 шебер рекорд орнатты. Олар «Гауһартас», «Сынық мүйіз» және «Аламан» құрақ техникалары бойынша 11 200 шаршы метр көрпеше құрап, «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабына енді. Олар 500-ге жуық көрпе тігіп, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Соған байланысты Астанаға еліміздің әр өңірінен тігіншілер келіп, дүбірлі доданың ашылуына дайындалып жатыр. Олардың арасында Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген құрақшылар да бар. Басты мақсат – ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық өнерді, төл мәдениетімізді әлем жұртшылығына паш ету.
Ел абыройын асырған шеберлер қатарында Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы да бар. Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында өтіп жатқан айтулы шараға әлемнің 85 елінен 4 000-ға жуық спортшы қатысуда. Спорт жарысынан бөлек бұл шараның мақсаты — отандық туризмді, этномәдениетті дамыту.
Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Салтанатты ашылу рәсіміне, өңірлік жастар форумына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова мен облыс әкімі Ж.Түймебаев, сонымен қатар […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді […]
Жетісай қаласының 55 жылдығы мен «АLTYN KÚZ – 2024» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Биылғы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім […]
Пікір қалдыру