Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрап отыр. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Жол құрылысында болған аудан басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме басшысына жол жөндеу жұмыстарын сметалық құжаттамаға сай сапалы аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек айта кету керек, аудан әкімі А.Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары таңнан бастап кең көлемде жүргізіліп келеді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы қала аумағындағы тазалық жұмыстарының барысын тікелей өзі қадағалап, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі болып табылады.
Шымкент қаласында жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстары барысында тұрғындардың өтініштері мен шағымдары ескерілді. Қаладағы бірқатар жолдар мен көпірлердің жөндеу жұмыстарындағы қарқындылығын бақылап қайтқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. […]
В Туркестанской области по государственной программе решаются инфраструктурные проблемы Созакского района. В Созакском районе Туркестанской области в рамках государственной программы « Дорожная карта занятости » начата реализация 15 проектов, строительство 8 полностью завершено. В […]
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. […]
Пікір қалдыру