Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрап отыр. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Жол құрылысында болған аудан басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме басшысына жол жөндеу жұмыстарын сметалық құжаттамаға сай сапалы аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек айта кету керек, аудан әкімі А.Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары таңнан бастап кең көлемде жүргізіліп келеді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы қала аумағындағы тазалық жұмыстарының барысын тікелей өзі қадағалап, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі болып табылады.
В городе Туркестан насчитывается 875 улиц общей протяженностью 845 километров. Из них: 371 км (44 %) – асфальт, 360,3 км (42,6 %)-щебень, 113,7 км (13,45%) — грунтовая дорога. С начала года проведены строительные работы […]
Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген, деп жазады Оtyrar.kz сайты. Бүгінде мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бірақ «Отырар» телеарнасының тілшісі барғанда білім ошағының басшысы жұмыс уақтысында […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі […]
Пікір қалдыру