Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекеніне арнайы барып, мептеп ғимаратының құрылысымен танысты.
Құрылыс аумағының жалпы алаңы 0,5 гектарды құрайды.
Қазіргі таңда, кәсіпкер Оспанкулов Марат Нуржанович өз қаржысы есебінен 200 орындық мектеп құрылысын іске асыруда.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып қайтты.
Аудан аумағында білім мекемелері орналасқан елді мекендерде, қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған.
Аудан басшысы мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.
Мұнан бөлек аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Қабланбек ауылдық округі Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында мердігер мекеме ЖК «Қазыбеков» тарапынан мектеп ғимаратының сыртқы қас бетін қаптау жұмыстары жүргізілген.
Келесі кезекте аудан басшысы Қанағат елді мекенінде орналасқан «Кәусар» бала бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын саралады. Бүгінгі таңда, бала бақшаның ішкі әжетханалары орнатылып, құбырлар жүргізілуде және ішкі есіктер ауыстырылуда. Жалпы мердігер мекеме ЖК «Перизат» тарапынан ағымдау жөндеу жұмыстары 80% орындалған.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.
Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне арнайы келіп, білім ордасының шығармашылық және рухани дамудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ұжым мүшелерінің еңбегін тілге тиек етті. Жақында ғана Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған […]
Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден […]
Пікір қалдыру