Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді.
Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысты.
Бүгінгі келіссөзге қатысқан инвесторлар қатарында лифт зауыты — Giant Intelligent Elevator Co, механика және электр құралдарын өндіретін — Sichuan Hongji Engineering Management Co компаниясы, жолдар, абаттандыру, сумен жабдықтау саласындағы құрылыс өнімдерін шығаратын — Hubei Xiaode Engineering Co және өзге де басқа компания өкілдері бар.
Келіссөздер аясында ынтымақтастық танытқан компаниялармен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Естеріңізге салсақ, облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі де бекер емес. Облыс орталығында халық саны артып келеді, жұмыс күші де жеткілікті. Барлық жағынан дамуға мүмкіндік бар. Халықаралық әуежайдың салынуы, «Батыс Европа – Батыс Қытай» автодәлізі мен теміржол торабының бойында орналасуы туристерді көптеп тартуға серпін береді. Жуырда өткен инвестициялық форумда біраз келісім жасалды. Соның өзі шаһардың экономикасын көтеруге үлес қосады. Бірақ мұнымен шектелмей, инвестиция тартуды тоқтатпау керек. 2030 жылға қарай Түркістан өзін-өзі қаржыландыратын шаһарға айналуы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер», – деген болатын.
Жалпы осыған дейінгі ҚХР тарапынан Түркістан қаласының негізгі каптиталына тартылған инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге болатын және 1910 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 3 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жүзеге асырылған — Golden Camel ЖШС бар.
Ал алдағы уақытта тартылатын инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын және 790 жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 6 жоба іске асырылуы жоспарлануда.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тантипамула Венката Нагендра Прасад және Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Котаваде Свапнил Шарадпен кездесті. Жиында қала басшысы екіжақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірді. – […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков керамогранит зауытын салып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30 % […]
Пікір қалдыру