Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарының сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 90-95% орындалған. Қазіргі таңда, елді мекенге баратын магистралды су құбыры мен елді мекеннің ішкі көшелерінің су құбырларына тексеру, қысымдау жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
Аудан әкімі құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын жандандыруды және қарқынын күшейтуді тапсырды, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысына бақылау жұмыстарнын күшейту қажет екенін ескертті.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңшаларымен аббатандыру нысандарының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Қасымбеков көшесі бойында №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақта балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кіші спорт алаңшасының құрылыс нысаны қоршалып, ойын алаңшасы тегістелініп қойылған.
Сонымен қатар, аудан басшысы қалаға қарасты Қалаубаев көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған спорт және балалар алаңшасының жаңдайын пысықтады. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын сралай келе, пайдалануға берілуге жоспарда тұрған балалар ойын алаңшасы және кіші спорт алаңшасы бойынша мердігер мекеме басшысына орнатылған 2 дана футбол қақпасын сапасы бойынша ескертулер беріп, қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Одан бөлек, қала кіреберісінде бой көтеріп жатқан 4 га жерде саябақтағы егілген жасыл екпелердің металл қоршауларын орнату жұмыстарының барысын саралады. Аталған құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне металл қоршауларын құрылыс стандарттарына сәйкес сапалы атқару қажет екенін ескертіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты. Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев арнайы іс сапармен Құркелес ауылдық округіне барып, Ақ үй елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүрігізіліп жатқан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын саралады. -Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Бүгінгі […]
Қаратау ауданында халықтың 98 пайызы ауыз су, электр жарығымен қамтылса, табиғи газ 96-пайызына қол жетімді. Бұл жайлы аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов хабарлады. «Сайрам, Қызылсу, тұрғын алаптарында, Бозарық саяжайындағы жаңа құрылыс аумағында ауыз су тарту жұмыстары […]
Пікір қалдыру