Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Ақниет» суды тазалау және айдау станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Айта кетсек, аталған станция суды тазалап, Ақниет елді мекенінде орналасқан 2 ауыз су қоймасына (500м3) жеткізетін болса, өз кезегінде ауыз су қоймасы Ақниет, Жонарық және Қанағат елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған.
Аудан басшысы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына елді мекендерге ауыз су берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіндегі №30 С.Торайғыров, Құркелес ауылдық округіндегі №19 А.Оразбаева және Дарбаза ауылдық округіндегі №70 С.Байғозиев мектептеріндегі ағымадғы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Айта кетсек, бүгінгі таңда мектептердің ғимараттарында мердігер мекемелер тарапынан мектеп ғимаратының ішкі сынып бөлмелерін әрлеу сырлау, жылу жүйесін жаңарту, мектептің сыртқы келбетін жаңарту, ішкі әжетхана орнату, мектеп ауласына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын бақылап, аудандық білім бөліміне және мердігер мекемеге балалар білім алатын ғимараттағы жөндеу жұмыстары барысында тек қана сапалы материалдарды пайдалануды және мерзімді аяқтауды тапсырды.
Сонай-ақ удан әкімі Арман Абдуллаев аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 13 азаматтың өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етуді, тұрғын үй беру, көшелерін асфальттау, жер, спорт, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті жауаптарын берді. Сондай-ақ, қатыстылығына қарай салаға жауапты орынбасарларға, бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Бұл ретте, көтерілген мәселер бойынша тапсырма беріліп және түсіндіріліп қана қоймай, мәселелер бойынша хаттама түзіліп, аппарат тарапынан тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жеке қабылдаулары мен әлеуметтік желі парақшаларында жиі жазылатын ауданның ауыз су мәселесінің жетіспеушілігін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелеріне бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында […]
Пікір қалдыру