ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Кентау қаласы мен маңындағы ауылдар жүз пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл жайлы қала әкімі Жандос Тасов хабарлады.

Дегенмен ауыз су жинақтағыштарда су көлемі аз. Онда бар-жоғы алты мың ғана куб тәршілік нәрі сыиады екен. Сол себепті, қала халқын сумен қамтамасыз ету үшін шахтадан да сулар алынып жатыр екен.

«Қазіргі таңда жер асты суларының төмендеуі салдарынан суды мәселесін болдырмау мақсатында Хантағы ауылы мен Кентау қаласын Біресек су көзіне қосу бойынша жобалық смета жасау жұмыстары басталды. Егер жоба жүзге асса Кентау қаласы мен Хантағы ауылындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешеді»,- дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Кентауда қала тұрғындарының 78 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Дегенмен кәріз суларын жіберетін арнайы орын жоқ. Сол себепті, ол орынды салу бойынша арнайықұжаттар дайындалып жатыр екен. Оның техиналық сараптамасын да жобалық сметасын жасап жатқан мердігер мекеменің демеушілігімен жасалатын болады. Осы мақсатта сорғы тазарту бекетін салу үшін қырық гектар жер бөлініп отыр.

Сонымен қатар, Кентау қаласындағы он сегіз мың абоненттің, он бір мыңы көгілдір отын жүйесіне қосылған. Яғни, кентаулықтардың алпыс үш пайызы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тоқсан үш пайызға жеткізу көзделіп отыр. Жоспар жыл соңына дейін орындалады деп күтіліп отыр. Ал Хантағы ауылын газдандыру үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, келісім шарт түзілген. Бұл мақсатқа бір жарым миллиард теңге қаралған. Күні бүгінге дейін ол қаражаттың жүз елу миллионы бөлініп, екі шақырым газ құбыры тартылған. Байылдыр елдімекенін газдандыру бойынша екіде алты шақырым газ жүйесі жүргізілген. Ауылдың ішкі жүйесін жүргізу үшін облыс қазынансынан қаржы сұралуда.

«Электр жүйесі бойынша да жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Мәселен, Уалиханов көшесіндегі елу бес гектар аумаққа инфрақұрылымына республикалық бюджеттен екі жүз елу бес миллион қаржы бөлінген. Бұл қаржыға электр жүйелерін тартып, жаңа сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді»,- деді ауанбасшысы.

Қала көшелерін жарықтандыруды жүз пайызға жеткізу үшін өткен жылы жетпіс төрт миллион теңге блінген. Қаржы толығымен игеріліп, қажетті жұмыстар жасалған. Дегенмен нысан биылға өтпелі болған соң, ағымдағы жылы да осы мақсатқа қырық үш миллион теңге қарастырылған.Жыл соңына дейін қаладағы барлық көшелерде жарық шамдары жағылады деп күтілуде екен. Сол себепті қаладағы сегіз трансформатор мен жетіде сегіз шақырымдықэлектр желілері жаңартылмақ. Осы мақсатқа ауандық бюджеттен жиыма бес миллион теңге қаралған.

Бұған қоса «Оңтүстік жарық транзит» акционерлік қоғамы он киловаттық электр желілерінің тоғызда төрт шақырымын және он төрт киловаттық электр желілерінің он екі шақырымын, тағы сегіз трансформаторды жөндеужұмыстарын жоспарлап отыр. Хантағы ауылындағы тоғызыншы қосалқы станцияларын да үште жеті шақырымдық ымдарымен бірге жаңарту жоспарланған. Осы жұмыстар ойдағыдай бітсе Хантағыдағы төрт мыңға жуық халық сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Сондай-ақ Кентауда, «халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жергілікті қазынаның мүмкіндігіне қарай жүз жиырма миллион теңгеге көпқабатты үйлердің аулаларындағы спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл бойынша бүгінде мемлекеттік сатып алу байқаулары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек биыл Қарнақ ауылында демеушілер есебінен екі балалар алаңшасы салынған. оған қосымша қолданыстағы ойын алаңшаларын жөндеуге жергілікті бюджеттен елу екі миллион теңге қаралған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*