Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен ауыл тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстарды тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкіліне және бөлім басшысына жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары барысында аталған ауылдық округте орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жауапты мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және тамыз айының соңына дейін аяқтау қажет екенін ескертті.
Айта кетсек, ғимараттың терезелері түгел пластик терезелерге ауыстырылып электр жүйелері жаңартылған. Шатыр ағаштары толығымен қағылып, ғимараттың 1-2 қабаттарында жылыту трубасы орнатылды.Келесі кезекте есіктерін орнату, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Қабырғалар мен мектептің қасбеті түрлі-түске боялып, тамыз айының 28-не тапсыру жоспарлануда.
Мұнан соң аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген 19 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді.
Атап айтқанда ауыз су мәселесі, коммуналдық тұрғын үй кезегі, жол мәселесі, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жолдады.
Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді. Оған қоса, тұрғындардың өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласысының бас жоспарын дамыту мақсатында облыс маслихат депутаты Ж.Сүлейменов және жобалаушы мекеме «Даулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері С. Қуанышбаевпен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жұмыстары бойынша талқыланды. Мұнан соң, […]
Түркістан облысында ауыз су мен газға қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы аяқтау керек. Бұл жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов айтты. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірді инфрақұрылыммен, ауыз су мен газбен […]
Түркістан облысыдағы Ордабасы ауданы халқының тоқсан бес пайызына жуығы таза тіршілік нәрін ішіп отыр. Ол дегеніміз, аудандағы елу жеті елдімекеннің , елутөрті орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. «Жалпы аудан халқын жүз пайыз ауыз сумен қамту […]
Пікір қалдыру