Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.
Айта кетсек, аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі 54 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жоспарланған. Тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып шатыры жабылған. Бүгінде, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан басында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратовқа құрылыс барысынды баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының А, Г және В блогтарында кірпіш қалау, сыртқы ауланың топырақтарын нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 104 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мектеп ғимаратының жер жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ғимараттың бірінші қабатына кірпіш қалау және жертөледе сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 30 адам жұмыс атқаруда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Ақниет» суды тазалау және айдау станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Айта кетсек, аталған станция суды тазалап, Ақниет елді мекенінде орналасқан 2 ауыз су қоймасына (500м3) […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелеріне бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі […]
Пікір қалдыру