Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша өткен сенбі күні аудан бойынша барлық кенттер мен округтерде сенбілік жұмыстары өтті.
Ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан Атакент кентіне дейінгі, Атакент кентінен Мырзакент кентіне дейінгі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойы және Мырзакенттен Жетісайға дейінгі облыстық маңызы бар КХ-100 автожолының бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, арам шөптерден тазаланды.
Акцияға аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғам белсенділері, жалпы аудан тұрғындары қатысты.
Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылды. Аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билбордтар және жарықшам бағаналар жөнделді.
Жалпы 30 км-ден астам жол жиектері арам шөптерден тазартылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. 8 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы ретке келітіріліп, сыртқы қасбеттері боялды. 4 мыңға жуық ағаш ақталды.
Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, мақта терім науқанына дайындық жұмыстарымен танысты. Ең алдымен Ертай Кенжебекұлы […]
Мақтаарал ауданында трактордың тіркемелерін шығаратын зауыт іске қосылды — деп хабарлайды КҮНГЕЙ.KZ ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 тіркемеге дейін. Бүгінде мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік грантпен ауданда […]
Пікір қалдыру