ТҮРКІСТАН: КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысты. Ауқымды шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысқанын да айта кету керек.
Сонымен қатар, Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені баршаңызға белгілі. Бүгін аталған секторлар 25 мың түп  көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды.
Мұнан өзге, секторларға бекітілген аудан, қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылғанын айта кету қажет.
Сонымен қатар, аумақтық 23 департамент  мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р-33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау, бояу, сырлау жұмыстарын жүргізгенін айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*