Табиғат — бұл бізді қоршаған орта. Қоршап тұрған ортаның таза да көрікті болуы әрқайсымызға тығыз байланысты. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегінсіз-ақ өзін-өзі тазартып алады екен, ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ.
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтіп,осынау тазалық пен ұқыптылықты насихаттайтын іс-шараға қаланың барлық мекемелерімен бірге ардагер ағамыз Жұмаділоә Кішібаев бастаған «Түркістан қалалық ақсақалдар алқасы» атты қоғамдық бірлестігінің де мүшелері белсене қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясының аясында осы бірлестіктің мүшелері Нәлібаев Тұрғанбай мен Ғалия Қалдыбекова және Зейне Сейсекеева басқарған әрқайсысы 20 адамнан топтар тиісінше өздеріне бекітілген «Шауғар»тұрғын үйлер алқабтарының аумағында орналасқан көше бойлары мен су арықтарын қоқыс- қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Тазалық — баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Сондықтан жыл сайын екі рет аудан әкімінің өкімімен абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі ұйымдастырылады. Оған меншік түріне қарамастан барлық мекеме, бөлім, кәсіпорын ұжымдары жұмылдырылады. Сенбілікте әр ұжым мүшелері өздеріне бекітілген аумақты тазартып, ауданымызда тазалықтың салтанат құруына үлестерін қосуда. Алайда апта сайын өткізіліп жатқан сенбіліктерге қарамастан артынша қоқыстар пайда болып жатады. Тазалық алдымен осы аудандағы тұрып жатқан баршамызға қажет.
Түркі елінің астанасы — Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді. Осы ретте, келушілер назарын аударатын қаланың сәулеті мен кіреберіс аумақтарды абаттандыру үлкен маңызға ие. Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарға кіреберіс аумақтарды аралап, […]
Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды. Тартысқа толы өткен […]
Түркістан қаласында есірткі құралдарының заңсыз жарнамасы мен насихатын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейдтік іс-шара балалар мен жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне арналған маңызды қадам болды. Іс-шараны қала әкімдігі мен прокуратура бірлесіп өткізді, оған құқық қорғау органдары, ерікті […]
Пікір қалдыру