Спорттың тұрғындар денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы салауатты өмір салтын ұстанушылардың санын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді оңтайлы шешуге ерекше көңіл бөліп келеді. Өйткені, спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын бірден-бір көрсеткіш.
Осы орайда аудан басшысы Жетісай қаласындағы бокс, еркін күрес, үстел теннисі және қазақ күресі секілді спорттың 4 түрінен 200-ден астам жасөспірім шұғылданатын «Күлбала» спорт кешенінің бүгінгі жай-күйімен танысты.
Соңғы рет 2019-жылы ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген сплрт кешенінің бүгінде шатырынан су ағып, қабырғалары үгітілуде. Одан бөлек, едендері мен жасөспірімдердің жуыну бөлмелеріндегі құрал-жабдықтар, жылыту қазандықтары мен терезелері ауыстыруды қажет етеді. Бұл жұмыстарға 16 млн теңге қажет екенін айтқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев орталықта жаттығатын жасөспірімдердің жетістіктеріне тоқталды.
Бөлім басшысының мәліметінше орталықта жаттығатын 23 спортшы бокс түрінен халықаралық, республикалық, облысытық және аймақтық жарыстардың чемпионы атанса, мүмкіндігі шектеулі 2 жасөспірім республика чемпионы, 1 спортшы қола жүлде иеленген. Ал, еркін күрестен 3 спортшы халықаралық жарыстардың чемпионы атанған.
Айта кетейік, бүгінде аудан басшысының қолдауының нәтижесінде ауылдар мен елді мекендерінде заман талабына сай спорт ғимараттары, балалардың спорт алаңшаларын салу ісі қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын […]
«Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады. Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының […]
Пікір қалдыру