Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 87 әлеуметтік баспананың құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 60-65 шаршы метрді құрайды. Бүгінде аудан көлемінде 2 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұрады.
Кәсіпкерлердің қаржысына қабырғасы қаланып жатқан үйлер толығымен аяқталған соң мемлекет сатып алып, үй кезегінде тұрған азаматтарға санаттарына қарай теңдей бөліп бермек. Көппәтерлі әрбір тұрғын үйдің ауласында кәсіпкерлердің қаржысына балалар ойын алаңшалары мен автотұрақтар салынады деп жоспарлануда.
Аталған бағдарлама аясында өткен жылы 46 тұрғын үй сатып алынып, баспанаға мұқтаж отбасыларға берілген.
Сонымен қатар, ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 5 мектеп салынады. Қазіргі таңда 2 білім ошағының құрылыс жұмыстары басталған. Сондай-ақ, сақалды құрылысқа айналған тағы 2 мектептің құрылысы мен тағы 3 білім ұясын салу жоспарлануда. Одан бөлек, өткен жылы ауданда 2 мәдениет үйі салынса, биыл тағы екеуінің құрылысы басталған.
Мәдениет үйінің бірі 150 орындық Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде орналасқан. Құны 762 млн-ды құрайды. Құрылыс жұмыстары қолға алған мердігер мекеме келесі жылдың желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ауданда дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Алдағы жылдары әрбір ауылдық округтің орталығынан шағын спорт кешендерін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, тиісті қаржы көлемі анықталуда.
AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлаған болатын. «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасының аясында біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Солардың бірі — «Баланы мектепке даярлайық!» […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша өткізілген жиын маңызды қадам болып табылады. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жедел сатыдағы қызмет көрсетуші мекемелердің тиімділігі, сондай-ақ шешімін таппай келе жатқан мәселелер […]
Өз елімізде АЭС болса, Қазақстан өзге елдердің электр энергиясына тәуелді болмайды. Техника мен технологиясы дамыған,энергетикалық жағынан өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. АЭС тың салу туралы шешімді айтқан кезде елде […]
Пікір қалдыру