Өз елімізде АЭС болса, Қазақстан өзге елдердің электр энергиясына тәуелді болмайды. Техника мен технологиясы дамыған,энергетикалық жағынан өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
АЭС тың салу туралы шешімді айтқан кезде елде екіұдай пікірдің туындағаны хақ. Десек те кез-келген шешімді шығармас бұрын да жан-жақты сараланатыны білесіздер. Сол энергетика саласының маандары, ғалым-профессорлары егжей-тегжейлі айтқандарын саралай келе өзге де жұртшылыққа қарапайым тілмен тұсіндіру біздің міндетіміз деп білемін.
Оның үстіне Президент экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек дей отырып, атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма да берді. Себебі, АЭС салынса ең алдымен еліміздің экономикалық әрі саяси саласына ықпал ететіндігі басым айтылуда.
Энергетика саласының мамандарының айтуынша Қазақстанда 2035 жылға қарай электр энериясының тапшылығы 30 пайызға артады деп болжап отыр. Тапшылық белең алған жағдйда экономикамыздың дамуы төмен кететіндігі сөзсіз.
Бұл тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін қайткен күнде де атом электростанциясы керек, дейді. Оның айтуынша бұл жобаны қолға алмасақ, еліміз экономикалық жағынан зардап шегіп, республикаға келетін инвестиция кемиді және аймақтағы көшбасшылық қабілетінін айырылатын болады.
Сондықтан, технология дамыған заманда үрейден арылып, елдің ертеңіне арналған құрылысты қолға алатын кез келді деп білемін.
Тіпті, көршіміз Өзбекстан да АЭС салмақшы. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Ресей басшысы Владимир Путин Өзбекстан Республикасында алғашқы АЭС құрылыс жобасын жүзеге асыру туралы келісімге келгенін ел біледі. Жоба технологиялардың соңғы жетістіктерін негізге ала отырып құрылады деп хабарланды.
Сонымен бірге, АЭС-ті құру орны ретінде Науаи мен Бұқара облысы шекарасындағы «Тудакул» белгіленіп алынған болса, кейін Айдаркөл маңы да АЭС құру үшін қолайлы екені айтылды. Жалпы, жобаға өзбектер 11 миллиард доллар кетеді деп отыр.
Ал біздің елде Атом электростанциясын соғу немесе соқпау туралы нақты шешімді реферндум қабылдайды. Егер АЭС соғу шешімі қабылданса, атмосфера ластануы және көмір тасымалы қысқаратын еді.
Сондай-ақ, АЭС құрылысы – экономика сарапшылары үшін көптеп ашылатын жұмыс орны, салынатын жолдар, көпірлер, түрлі нысандар. Елге технологияның келуі, шетелдік компаниялардың жобалары. Ең ақыры, ол энергобаланстың қауіпсіздігіне алып келеді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, өндіріс пен халықтың қажеттілігін өтеу үшін жетерлік деңгейдегі электр энергиясы өз қолымызда болады.
Елімізде атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты. Себебі сарапшылардың болжауынша, қа¬зір электр энергиясына сұ¬ра¬ныс күннен-күнге артып, 2030 […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға мән беру керектігіне тоқталып өткен болатын. […]
Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде арнайы мекемеаралық жиын өтті. Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен іс-шараға аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ердәулет Амантаев, аудандық мәслихаттың хатшысы […]
Пікір қалдыру