Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде арнайы мекемеаралық жиын өтті.
Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен іс-шараға аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ердәулет Амантаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, барлық қоғамдық ұйымдардың басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік полициялар және мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде есірткі, психотроптық заттарды сату, алаяқтық және мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу бағытында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев баяндама жасады.
Қасымхан Өмешұлы қазіргі таңда ауданда қылмыстардың жалпы саны төмендегенін, дегенмен мұнымен арқаны кеңге жаюға болмайтынын атап өтті. Полиция подполковнигі жастар арасында синтетикалық есірткі өнімдерін тұтыну көбейіп жатқанын, бұған үлкен мән беру керектігін жеткізді.
«Өздеріңізге белгілі, Атакент кентінде орналасқан «Мұрат Фарм» дәріханасында орын алған жағдайды ескеріп өткім келеді. Жастар арасында синтетикалық есірткі заттарымен айналысудың, оны сататындар мен қолданушыларды анықтау үшін бірлескен профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тез арада жолын кесуіміз керек!» — деді, Қ.Сатыбалдиев.
Ауданда бұзақылық қылмыстардың саны өскен. Орын алған бұзақылық қылмыстардың 3-еуі атыс қаруы арқылы жасалған. Сол үшін қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және де басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сатып алу көздерін және аудан аумағына келу арналарын жабу бойынша шұғыл шаралар қабылдау керектігін полиция подполковнигі атап өтті.
Қ.Сатыбалдиев арақсыз ауылдардың отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға өз пайдасын тигізіп жатқанын, сондықтан елдімекендерді «арақсыз ауылға» айналдырудың маңыздылығын да жеткізді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің арасында орын алатын қылмыстардың алдын алуда аудандық полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар, мәслихат депутаттары, жастар орталығы, ардагерлер мен ауыл ақсақалдары, белсенділер бірлесіп, рейдтік іс-шараларды жиі өткізудің пайдасы да орасан екенін айтты.
Сөз соңында баяндамашы «Қауіпсіз аудан» акциясын ұйымдастыруды, акция аясында есірткі, психотроптық заттардың, қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің ену арналарын анықтау және жолын кесу, мотоцикл, мопед, скутер мен электросамокаттарды басқаратын жүргізушілермен, оның ішінде кәмелетке толмаған жүргізушілерге белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ескірген жол белгілерін жаңарту, жапы түрлі бағыттар бойынша рейдтік іс-шараларды күшейту бойынша нақты ұсыныстар берді.
Жиын барысында аталған мәселелер бойынша аудан прокуратурасының прокуроры Мақсат Тайжан өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, айтылған ұсыныстар бойынша нақты тапсырмалар беріп, аудан әкімі жиынды қорытындылады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді […]
Мақтаарал ауданы Аткент кентіндегі Алпамыс батыр атындағы орталық стадионында «Елім, Жерім, Отаным»-деп қаны, жаны, терімен еңбек еткен Соғыс ардагерлерінің құрметіне және аудан тұрғындары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында […]
Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және […]
Пікір қалдыру