AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлаған болатын.
«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасының аясында біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Солардың бірі — «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы».
Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу болып табылады.
Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылып отырған акция аясында 10 оқушыға арналған сөмкелер мен аяқ киімдерді табыстады.
Аталған игі іс-шараға аудандық партия төрағасымен біргелікте, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берик Агенов те қатысты.
Еліміздің әр перзенті бақытты балалық шаққа, бірегей білім мен жарқын болашаққа деген сенімге лайық. Олардың осы сеніміне шүбә келтірмей өсуі – біздің басты мақсатымыз.
Елінен қамқорлық көрген ұрпақ, халқының болшағы үшін аянбай еңбек ететіні, өздері де келешек ұрпаққа осы қамқорлықты көрсетуге ұмтылатыны сөзсіз!
Өткен жұмада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында ауданының ветеринария бөлімінің басшысы (бұрынғы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі) А.Абдиев Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ […]
Бүгінгі таңда Үкіметтің Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы ұсынған бастамасы маңызды оқиға болды. Бұл таңдау елдің болашағы үшін үлкен маңызға ие және оның ұзақ мерзімді экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуын анықтайды. Ғалымдар да біздің […]
Биылғы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдегі энергетика саласындағы проблемаларды шешіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан еді. Оның сөзінше, энергиямен жабдықтау жүйесінің жұмысын жолға қою қажет. «Себебі біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында […]
Пікір қалдыру