Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» автомобиль жолынының 15,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Атамекен елді мекенінен басталған.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолдың ескірген асфальт жабыны алынып, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Сметалық құжаттамаға сәйкес, 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау, аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Ал, «Ауыл – Ел бесігі» бағдардамасы аясында республикалық және облыстық қазынадан қаралған 1 млрд 282 млн 841 мың теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат, Сәтпаев, Ералиев, Ынтымақ елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 50 көше, жергілікті бюджеттен бөлінген 539 млн теңгеге Жетісай қаласы мен Атамекен, Абай елді мекендеріндегі 17,17 шақырымды құрайтын 15 көше асфальтталады. Одан бөлек, 55,8 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,44 шақырымды құрайтын 15 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджеті есебінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізілсе, биылғы жылы аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырым тағы 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 3 340 тонна алғашқы өнім жиналды. Көкөніс Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Ал, 250 тонна өнім Ресейге экспортталды. Ордабасы ауданында жылыжайлар саны артуда. Өткен жылы ауданда 20 га жылыжай іске […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап шықты. Өңір басшысы алдымен құрылысы жүріп жатқан «Turkistan» индустриалды аймағында болды. Мұнда Польша мен Түркия елдерінің инвесторлық компаниялары құрылыс заттары мен төмен қуатты созба […]
Пікір қалдыру