Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелері «Мақтаарал аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесе, дауыс беруге арналған үй-жайларда мүгедектігі бар адамдар үшін жасалған жағдайларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты дауыс беру учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру белсенділігін арттыру болып табылады.
Мақтаарал ауданы бойынша референдумда дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар азаматтар саны – 3626 құрайды. Олардың ішінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттілікке ие азаматтар саны – 1299 (кресло-арбаны пайдаланатындар – 110, көруі бойынша – 781, естуі бойынша – 408). Олар аудандағы 62 учаскенің 59-ның дауыс берушілер қатарында бар.
Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 62 референдум учаскелері дауыс беруге құқығы бар азаматтарға қызмет етеді және барлық учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Аудандағы 62 учаскенің барлығы «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген. Барлық учаске пандустармен, тактильді жолдармен, мүгедектігі бар азаматтардың автокөлігін қоюға арналған тұрақтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар орнатылған. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған орын қарастырылып, компьютер, құлақаспап, лупа, жарық шамдармен т.б. жабдықталған.
Сурдоаудармашылар тартылған учаскелер саны – 11. Сонымен қатар, дауыс беру күні 3 инватакси, 4 әлеуметтік такси қызметі ұйымдастырылған.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары қара еңбекпен қара жер емген халық. Ауылдарды су алды. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ауданда ауылдарды су басуы салдарынан 620 үй жапа шегіп, 3601 гектар алқап су астында қалды. Жаңа-Тұрмыс […]
Референдумға Шымкент қаласының мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да қатысып, өз таңдауларын жасады. Атап айтқанда, елімізге танымал танымал өнер жұлдызы Астана Қарғабай №99 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. -Жастар қоғамның белсенді мүшелері. Азамат ретінде бүгінгі науқанға […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қайта құрылғанына биыл 6 жыл толып отырған Мақтаарал ауданында 69 елді мекен […]
Пікір қалдыру