Түркістан: Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдардың ахуалы қандай?

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары қара еңбекпен қара жер емген халық. Ауылдарды су алды. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жер емген диқанға алдын ала болжам бойынша 404 млн теңге шығын келген

Ауданда ауылдарды су басуы салдарынан 620 үй жапа шегіп, 3601 гектар алқап су астында қалды.

Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.

Жайдақ су ауылдарды жайпап кетті

Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған.

Белуардан су кешкен тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Эвакуациялық орталықтарға 7000-нан астам адам орналастырылған. Түркістан облысының басшылығы эвакуациялық орталықтарда тұрғындар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.

3601 гектардан 85 пайыз мақталы алқап су астында қалған

Жауаптылар медициналық алдын алу шараларын қолға алған. Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізіп жатыр.

Шығын көлемі есептеліп жатыр

Ауданда 600-ден астам полиция қызметкерлері мен әскерилер апатты құтқару жұмыстары жұмылдырылған.

Су астында қалған ауылдарда төрт түлік те құтқарылуда

Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.


Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.

 

 

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі, Мақтааралдағы жағдайды тұрақтылығын айтып, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Жерден нәпақасын терген ел
Мектеп те су құшағында.
Жергілікті тұрғындар да суды тоқтату үшін атсалысып жатыр
Мақтааралға 300 млн. текше метр көлемде су келген
Су басу қаупі сейілмей тұр
Қауіп төніп тұрған елдімекендерде судан қорғау үшін бөгет жасау тапсырылды
Өзбекстан тарапынан әлі қанша су келетіні белгісіз
Тағы да жеті ауылға су басу қаупі төніп тұр

­

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*