Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Қазіргі уақытта қаладағы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың ұзындығы 81 пайызды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып, асфальт жабындысы төселуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетеді деп күтілуде.
Аталған жұмыстардың сапасы қала әкімі Жандос Тасовтың жіті бақылауында. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан аймақтарды аралап, жұмыс барысын тексерді. Құрылысқа жауапты тұлғаларға жұмыс барысы назарда екенін ескертіп, сапасы мен мерзіміне аса мән беруді тапсырды.
Ал былтырғы жылы Кентау қаласында 688 млн. теңгеге 28 көшенің жолдары жөнделді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 11,5 шақырым 7 көше жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 15,1 шақырым 21 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде жалпы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 80%- ға жетті. Жалпы қалада 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар.
Сондай-ақ қаладағы Д.Қонаев даңғылындағы №10, 12, 14 және Төле би көшесіндегі №62, 66, 68, 70 көпқабатты үйлер ауласына 4500 м2 асфальт басу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған үй аулаларының жолына 4 автотұрақ және жаяу жүргіншілер жолына асфальт басу жұмыстары жүргізілуде.
В сфере модернизации жилищного фонда РК «Программы развития регионов до 2020 года» в 2019 году в г. Кентау капитально отремонтировано 44 многоэтажных жилых дома. В этих домах обновлены кровля и подвалы, инженерные сети, окрашены […]
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және […]
Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция […]
Пікір қалдыру